17:52, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Шайбалы хоккей: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 2010 жылы Польшада өтетін әлем чемпионатына дайындығын бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясының хабарлауынша, оқу-жаттығу жиыны қаңтардың 13-і мен 16-сы аралығында Өскеменде өтеді. Ал, қаңтардың 17-де хоккейшілеріміз Омбыға аттанады. Онда олар «Омбы қаршығасы» командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Айта кетейік, әлем чемпионаты 2010 жылы сәуірдің 11-і мен 17-сі аралығында Польшаның Криница қаласында өтеді.