09:55, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпады
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Финляндия мен Швеция елдерінде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстанның құрама командасы кезекті төртінші кездесуін өткізіп, Словакия хоккейшілерінен ұтылып қалды.

Бұл ойын тартысты өтті. Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап жүрген Евгений Рымарев пен Константин Пушкарев есеп таразысын екі рет теңестіре білді. Бірақ ойынның соңында қарсыластар біздің қақпамызға тағы екі шайба салып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Андрей Шаяновтың шәкірттері беларустармен кездескен еді. Онда да Қазақстанның құрама командасы 3:2 есебімен ұтылып қалды. Енді ертең, мамырдың 11-і күні олар АҚШ құрамасымен кездеседі.