15:42, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шайбалы хоккейден қала біріншілігі өтті
АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шайбалы хоккейден балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, дарынды балалардың спорттық мектеп интернаттары және клубтық командалар арасында дәстүрлі қала біріншілігі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Д. Вилкин бастаған қазылар алқасының төрелігімен өткен бұл байрақты бәсеке бірнеше күнге созылды. Онда ересектер арасында барлық кездесуде қарсыластарынан басым түскен «Айсұлу» командасы үздік шықты. Бір ойында жеңіп, бір ойында жеңілген «КЛХ» командасы екінші орын алса, бұл кездесуде бірде-бір жеңіске қол жеткізе алмаған дарынды балалардың спорттық мектеп интернатының командасы үшінші орын алды. Ал 1992-1994 жылдары туған жасөспірімдер мен 1995-2000 жылғы балалар арасында өткен сайыстарда жүлделі орындардың бәрін №18 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәррбиеленушілері өзара бөлісті.