Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті матчтары өтеді

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті матчтары өтеді,

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті матчтары өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біріншілікте Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо-2» және Көкшетаудың «Арлан», Павлодардың «Ертic-Павлодар» және Рудныйдың «Горняк» командалары арасында қарымта матчтар ойналатын болады. Айта кетейік, бірінші ойында «Қазцинк-Торпедо-2» «Арланды» 6:1, «Ертic-Павлодар» «Горнякты» 4:3 есебімен жеңген болатын. Сондай-ақ, бүгін Атырауда жергілікті «Бейбарыс» чемпионаттың көшбасшысы Қарағандының «Сарыарқа» клубымен кездеседі.