Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары дивизионға жолдама алды

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Литва астанасы Вильнюсте өткен шайбалы хоккейден бірінші дивизион командалары арасындағы әлем чемпионатында барлық ойынында жеңіске жеткен Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары дивизионға жолдама алды,

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары дивизионға жолдама алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жоғары дивизионға берілетін жалғыз жолдаманың тағдыры Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы кездесуде шешілді. Мұнда 2:1 есебімен жеңіске жеткен біздің команданың мерейі үстем болды. Сөйтіп шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы үш жылғы үзілістен кейін қайтадан жоғары элиталы дивизионға шықты. Айта кетейік, Вильнюстегі әлем чемпионатында біздің хоккейшілеріміз Словениядан бөлек Литваны 5:1, Хорватияны 6:1, Жапонияны 3:1, Австралияны 13:2 есептерімен жеңді.