Шайбалы хоккейден ҚР Президентінің кубогын «Барыс» командасы жеңіп алды

амыздың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада өткізілген шайбалы хоккейден халықаралық турнирде ҚР Президентінің кубогын астаналық «Барыс» командасы жеңіп алды. Президент кубогын жеңімпаз командаға ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов табыс етті.
None
None

Айта кетейік, бүгінгі ақтық сайыста «Барыс» командасы мен Беларустың «Динамо» (Минск) командасы додаға түсті. Ойынның үшінші кезеңінде «Динамо» командасының шабуылшысы Александр Кулаков есеп ашты. Осы кезеңінің 14 минутында «Барыс» командасының шабуылшысы Евгений Рымарев есепті теңестірді. Кездесудің негізгі уақытында командалар тең түскендіктен, 5 минуттік овертайм өткізілді. Қос команда да осы қосымша уақытта есепті өзгерте алмады. Осыған байланысты командалар қақпаға буллит шайбасын соғатын болды. Осы сында «Барыс» командасы басым түсіп, астаналықтар қонақтарын 2:1 есебімен ұтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шайбалы хоккейден Қазақстан Президентінің кубогы жолындағы турнир тамыздың 10 күні басталған болатын. Аталған додаға Ресей, Беларус, Латвия және Қазақстан командалары қатысты. Хоккей жанкүйерлері Құрылықтық хоккей лигасында үлкен беделге ие Мәскеу облысының «Атлант», Минскінің «Динамо», Рига қаласының «Динамо» командаларының, сондай-ақ отандық «Барыс» клубының ойындарын тамашалады. Ақтық сайыстан соң үздік шабуылшыларды, қорғаушыларды және жақсы ойын өрнегін көрсете білген спортшыларды ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхаметов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Асқар Мамин марапаттады.

Соңғы жаңалықтар