Шеберліксіз өнер туындамайды - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Халыққа шындығында теледидардағы шалдың образы арқылы танылдым. Қазір де жұрттың бәрі мені шал дейді, қария деп қабылдайды. Барған жерімде төрін ұсынып жатады. Бұл да мен үшін үлкен құрмет. Қарияларымыз батадан гөрі бокалға жақын боп кеткен соң, ақсақалдың бейнесін сомдап жүрген жайымыз бар. Біз әлі ақсақалдарды іздеп жүрген сияқтымыз. Өйткені кешегінің арты, бүгінгінің қарты деп айтатын қариялармыз аз. Кейде ақсақал деп үміт артып ілтипат білдірген адамдарың сен мені неге шал дейсің, 80-ге келсем де жаспын деп қария болғысы келмейді. Осы мәселе мені көп ойландырып, толғандырады", дейді Бекжан Тұрыс. Оның айтуынша, шал, ақсақал, қария деген сөздердің әрқайсысы мағынасы жағынан бөлек ұғымдар. Халық шал-шауқан деп ауыл ішіндегі, ақсақал деп ауыл-аймақтық деңгейдегі, ал қария деп абыздық тұлғадағы адамды айтады. Қазына боп қартаю бар да, қазымыр боп қартаю бар. Кейде қазымыр қарттарымыз көп пе деп қалам, дейді жүрек сырын ақтарған өнер шебері.