Шегіртке жеген жас жігіт - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Студент Питер Бикертон өз рационынан әдеттегі тағамдарды алып тастап, оларды жәндіктермен алмастырды. Day.Az-дың хабарлауынша, жалпы алғанда Питер үш жылдың ішінде 16 000 шегірткені жеп қойған екен.
Алғашқыда ол шегірткелерді сиыр етіне қосып, бутерброд жасап жеп жүрді. Кейіннен жәндіктердің дәмі ерекше екенін байқап, тек олардың өздерін ғана пайдалана бастайды. Питердің айтуына қарағанда, шегірткені тағам ретінде жеу оны дұрыстап пайдалана алмайтын адамдардың ғана ойларында жиіркеніш тудырады. Питердің өзі болса, аталмыш жәндіктерге түрлі соустар құйып, сүйсініп жейді. Жас жігіттің тағам рационын бұлайша өзгертуіне 3 жыл бұрын 45 жастағы ағасының жүрек талмасынан қайтыс болуы себеп болған көрінеді.