Шегірткенің таралуын алдын алу бағытында биыл ертерек қимылдадық - Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитеті

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы жылы шегірткенің таралуы шамамен 3 млн. гектар аумақта болжанып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
None
None

«Өткен жылы құрғақшылыққа байланысты шегіркенің жағдайы біршама қиындау болды. Әсіресе, бұл Ресеймен шекаралас орналасқан еліміздің облыстарында байқалды. Атап айтқанда, көршілес елдің аумағынан біраз шегіркенің бізге қарай ұшқанына көзіміз жетті. Сондықтан осындай ахуалды ескере отырып, биыл ертерек қимылдап, бірқатар жұмыстарды жүзеге асырдық»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені бойынша Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Белгілі болғандай, биылғы жылы үйірлі шегірткенің таралуы шамамен 3 млн. гектар аумақта болжанған.

Бүгінгі таңда облыстарға 2 млн. гектардан астам аумаққа жетерлік инсектицидтер жеткізілді (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары).
Пестицидтерді сатып алуға және химиялық өңдеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінген көрінеді.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы әр 10 жыл сайын циклды айналымға ие. Шегірткелердің соңғы рет жаппай таралуы 2000 жылы 8 млн. гектар жерде болды. Ал кейінгі жылдары шегіртке зиянкестерінің таралған аумақтары 2004 жылы 505,4 мың гектар аумаққа дейін кеміген. Алайда 2005 жылдан бері таралу аймағы біртіндеп көбейіп барады.

Соңғы жаңалықтар