Шекара қызметі есірткі контрабандасының 501 фактісін тоқтатты

ҰҚК Шекара қызметі қаңтар айында қандай заңбұзушылықтың жолын кесті
Фото: ҰҚК Шекара қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Шекара қызметі 2023 жылдан бері есірткі контрабандасының 501 фактісін тоқтатты. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде есірткі заттарын тасымалдауға кедергі жасау мақсатында интрузивті емес қарап тексерудің техникалық құралдарын қолдана отырып, қолжүгін, багажды, көлік құралдары мен жүктерді, сондай-ақ арнайы оқытылған қызметтік иттер арқылы тексеріп қарау бойынша бақылауды жүзеге асырады», - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының жауабына берілген анықтамаға сәйкес, қазіргі уақытта ҰҚК ШҚ қызметінде 40 бірлік рентген-телевизиялық аппарат, 9 бірлік инспекциялық-тексеру кешені, 1782 бірлік жеке бейнетіркегіш, арнайы үйретілген 470 ит бар.

«2023 жылдың басынан бері ҰҚК ШҚ күшімен есірткі контрабандасының 501 фактісі (2023 жылы – 254, 2024 жылы 9 айда – 247) тоқтатылды Шекара қызметін одан әрі материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында және Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді (4,5 млрд теңгеден астам сомаға) жоспарында көзделген», - деп атап өтеді Премьер-Министр.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram