17:33, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Шекара қызметі 1 келіден астам героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматын ұстады
АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Батыс» аймақтық басқармасының «Бейнеу темір жолы» шекаралық бақылау бекетінің шекарашылар жасағы 1 келіден астам героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматын ұстады.

Оқиға өткен демалыс күндері болды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.
Курьер «Қоджент-Саратов» пойызында ұсталды. «Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 келіден аста героин заты тәркіленді», делінген хабарламада.
Бұл оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.