Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Серік Әшімбаев сотқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 мамырда қызметтік тұрғын үйлердің мемлекеттік сатып алуларын жүргізу барысында билікті және қызметтік уәкілеттіктерін асыра пайдаланғандары үшін айыпталған Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары С.К. Әшімбаев, А.И. Нұрманов және олармен қылмыстық келісім орнатқан «Astana Finance Union» ЖШС директоры М.Е. Мұқанов сотқа тартылды.
None
None

Бұл туралы Бас әскери прокуратураның мәліметтерінде хабарланды. Бас әскери прокуратурамен тергелген қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотына қарау үшін жолданды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары С.К. Әшімбаев, Шекара қызметінің Тыл бас басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары А.И. Нұрманов және «Astana Finance Union» ЖШС директоры М.Е. Мұқанов қылмыстық келісім орнатып, бюджеттік қаражатты ұрлап, өз әрекеттерімен 230 млн. теңгеден асатын аса ірі көлемде материалдық залал келтірген.

Тергеу барысында Шекара қызметінің лауазымды тұлғаларының қызметтік тұрғын үйді мемлекеттік сатып алумен байланысты процедураларды жүргізу барысында билікті және қызметтік уәкілеттіктерін асыру деректері анықталды.

Азаматтық талап-арыз бөлігінде, басқа да мүліктік төлетулер немесе мүлікті тәркілеуге қатысты үкімді орындау мақсатында, тергеу органымен 290 млн. теңгеден астам мемлекетке келтірілген залалдың өндірілуі қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар