Шекара қызметі героин тасымалдап бара жатқан Тәжікстан азаматын ұстады
АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасына қарайтын «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар наряды Қырғыз Республикасынан Қазақстанға 511 грамм героин әкеле жатқан Тәжікстан азаматын ұстады,
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Есірткі затты күдіктінің қол жүгін тексеру кезінде табылды. Бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде.