Шекара қызметінің апатқа ұшыраған тікұшағының бортында экипажды қосқанда, 13 әскери қызметкер болған
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Шекара қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара әскерінен 6 қарулы қылмыскердің қазақстан-өзбек шекарасын заңсыз кесіп өтпек ниеті туралы ақпарат түскен. Осыған байланысты Өгем шатқалының тау учаскесіне Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы Сарыағаш шекара жасағының «Арлан» барлау-іздеу тобы мінген Ми8 тікұшағы ұшып шыққан. Тікұшақ бортында экипажды қосқанда, 13 әскери қызметкердің болғанын естеріңізге сала кетейік.
Шекара қызметінен нақтылағандай, тікұшақпен байланыс сағат 10.30-да жоғалған. Өгем орман шаруашылығының қызметкерлерінен Өгем шатқалы ауданына тікұшақтың құлағаны туралы ақпарат түскен. Қазіргі уақытта Шекара қызметі Төтенше жағдайлар министрлігімен және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп, іздеу-құтқару шараларын жүргізуде.