Шекара маңындағы климаты қатал ауыл тұрғындарының жылдық еңбек өтілі 1,5 жыл болып есептелмек
«Шекара маңындағы аудандардағы ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін жалақыға 50% ауылдық үстемеақы енгізу мүмкіндігі қаралатын болады. Төтенше табиғи-климаттық жағдайлары бар шекара маңындағы аудандардың тұрғындары үшін, яғни жылыту маусымы 9 айға созылатын аумақтарда еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізіле отырып, 1 жыл еңбек өтілін 1,5 жыл қылып есептеу нормасы көзделетін болады», - деп ұсыныс жазылған тұжырымдамада.
Сонымен қатар, шекара маңындағы ауылдарда білім беру объектілерін, медицина мекемелерін, спорт мектептерін мен мәдениет үйлерін салу мен оларды жөндеуден өткізуге басымдық беріледі.
«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көрші мемлекеттердің БАҚ ықпалын төмендету мақсатында шекара маңындағы елді мекендер отандық цифрлық эфирлік теле және радио хабарларын тарату телеарналарымен қамтамасыз етілетін болады», - деп көрсетілген құжатта.