Шекарада 200 келіге жуық героинмен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтай өлкесінің құқық қорғаушылары Қырғызстаннан 200 келіге жуық героин әкеле жатқан жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлады дүйсенбіде Ресей ФҚҚ өңірлік басқармасының баспасөз қызметінен.

Шекарада 200 келіге жуық героинмен ұсталды

Құқық қорғаушылар Алтай өлкесінен қазақстандық нөмірмен Ресейдің осы елмен арадағы мемлекеттік шекарасын кесіп өткен «КамАЗ» көлігін ұстады, деп хабарлады РИА Новости.

Машинаның тіркемесіндегі алма салынған 48 қораптан 959 шар тәріздес нысанда түйіршік, ұнтақ түрінде оралған зат табылды», - делінген хабарламада. Сараптама мұның героин екендігін анықтады.

Қазіргі уақытта тасымалды ұйымдастырған үш адам ұсталды: бірі Қырғызстан азаматы, екеуі Ресей азаматы. Сондай-ақ «КамАЗ» жүргізушілері - екі қазақстандық азамат та қамауға алынды. Топтың белсенді мүшесі Қырғызстаннан іздестірілуде.