Шекарада 3 мың литр этил спирті контрабандалық өнімі анықталды

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ағымдағы жылдың 9 айында 7,5 млн.теңгенің контрабандалық спирті тәркіленді.

Шекарада 3 мың литр этил спирті контрабандалық өнімі анықталды

Бұл туралы бүгін брифингте Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жамбыл облысында 1 жыл бас бостандығынан айыруға А. Федотов сотталды. Ол Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жалпы құны 3,5 млн.теңгенің 3 мың литр этил спиртін кедендік тексеріссіз алып өтпек болған.

Контрабандалық өнім мемлекет пайдасына тәркіленді.