Шекарада Ресейде ұрланған қымбат көлік ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қазақстанға келе жатқан 23 жастағы ресейліктің астындағы көлігі ұрланған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекарада Ресейде ұрланған қымбат көлік ұсталды

«Петропавл шекара отрядының «Жанажол авто» бөлімшесінде бүгін түнде (9 сәуір таңғы сағат 4-тер шамасында) Jaguar автокөлігімен Қазақстанға келе жатқан 23 жастағы ресейлік ұсталды. Шекарашыларға көліктің құжаттары күдікті көрінді.

Бұдан бөлек, шекарашылардың назарынан автокөліктің бұл адамдыкі еместігін байқататын бірнеше белгі тыс қалмаған еді. Шекарашылардың сауалдары тығырыққа тіреген азамат ақыры автокөліктің ұрланғандығын мойындады», делінген хабарламада.

Ұсталған шетелдік автокөлікпен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.