11:00, 16 Қаңтар 2019 | GMT +5
Шекарада шетелдік дәріні заңсыз алып өткен азамат ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекарашылар Қытайдан заңсыз дәрі әкелмек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қаңтарда «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп болған 21 жастағы қазақстандық азамат ұсталды.
«Оның жүгінен біздің елдің аумағына заңсыз алып өткен 4 қорапта, жалпы салмағы 68,5 келі қытайдың дәрі-дәрмегі табылды. Ұсталған азаматтың жүгі актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды. Сараптама жүргізіліп, заңсыз жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады», - делінген хабарламада.