Шекарада ұсталған дәрі-дәрмек Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына берілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 19 млн теңгенің дәрілік препараттары Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Шекарада ұсталған дәрі-дәрмек Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына берілді

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыстың шекара қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай ауданының «Қарасу» шекара бекетінде құжатсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған жүк көлігін ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көліктің жүксалғышынан құны 19 млн теңгеден асатын препараттардың 20-ға жуық түрі табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда барлық тауар тәркіленіп, алынған дәрілік заттар Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.