Шекарада ұсталған Қырғызстан азаматынан 200 киләдан астам есірткі тәркіленді

АСТАНА.   Шілденің  20-сы.  ҚазАқпарат -  Шекарада 200 киләдан  астам  есірткімен Қырғызстан азаматы  ұсталды,  деп  хабарлады  ҚР Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің баспасөз   қызметінен.

Шекарада  ұсталған  Қырғызстан   азаматынан  200 киләдан  астам  есірткі  тәркіленді

Шекара  қызметінің  «Оңтүстік» аймақтық  басқармасының   Тараз  шекара отрядының учаскесінде  шілденің 18-інде    Қырғызстан  азаматы  ұсталды.   Қазақстанға   жаяу  бет алған  ол  азаматтан  200 киләдай «марихуана»   тәркіленді. Бұл   факті  бойынша тексеру  жүргізілуде.