Шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пункті жөнделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пунктін жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пункті жөнделеді

«Жүргізілген реконструкциялардың оң әсерін, көлік ағынының өсуін және төлемдердің түсуін ескере отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті биылдан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль, 1 теміржол өткізу пунктін және Астана қаласындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасын реконструкциялауды бастады», - деді Бақытжан Слямов.

Оның айтуынша, 9 автомобиль өткізу пункті бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жоспарға сәйкес, барлық бекеттердегі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталмақ.