Шекарадағы шабуылдан Кот-д-Ивуардың 10-ға жуық сарбазы қаза тапты

АБИДЖАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні белгісіз біреулердің Кот-д-Ивуардың Буркина-Фасомен солтүстік шекарасындағы әскери бекетке жасаған қарулы шабуылынан 10-ға жуық сарбаз өлтіріліп, тағы алтауы жарақаттанды, делінген армия таратқан мәлімдемеде. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шекарадағы шабуылдан Кот-д-Ивуардың 10-ға жуық сарбазы қаза тапты

Елдің қарулы күштер басшысының айтуынша, шабуыл жасаған бір адам қаза тапты. Бұған дейін 12 сарбаздың өлтіріліп, жетеуінің жарақаттанғаны, тағы екі әскери жандармның із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған.

Шабуыл жасаушылардың Буркина-Фасодан болғаны шамаланып отыр.

Агенттіктің мәліметінше, өңірдегі барлық әскер жауынгерлік әзірлікте және шабуыл жасаушыларды іздеу операциясы жүргізіліп жатыр.