Шекарадағы заңсыздық: Сенім телефоны жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов шекарадағы заңсыздыққа байланысты қайда хабарласуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шекарадағы заңсыздық: Сенім телефоны жарияланды

«Жобалық кеңсе сізді шекарадан өту үшін делдалдар немесе мемлекеттік органдардың өкілдері тарапынан заңсыз сыйақыларды талап ету және салықты төлеу кезінде проблемаларға тап болған жағдайда +7 702 000 2494 нөмір бойынша байланыс орталығына хабарлауға шақырады», - деді Төлеген Байғұлов агенттіктің Facebook парақшасында өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша Мемлекеттік кірістер департаменттері мен басқармаларында, кеден бекеттерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт» орнатылған.

Сондай-ақ, бұл бекеттерде азаматтарды әуре-сарсаңға салмау, сапасыз көрсетілген қызметтер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жағдайында арыз-шағым қалдыру үшін кері байланыс телефон нөмірі көрсетілген. Аталған нөмірге тәулігіне 10 адам хабарласқан оқиғалар болған.