Шекарадан басқаның атын жамылып өтпек болған қырғызстандық азаматша ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараны басқаның атын жамылып кесіп өтуге әрекеттенген қырғызстандық азаматшаның жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Қостанай шекара жасағы «Қайрақ авто» өткізу пунктінің наряды «Мерседес» автокөлігімен Ресей Федерациясына бара жатқан Қырғызстанның 30 жастағы азаматшасын ұстады. Ұсталған адам төлқұжат бақылауынан апайының құжаттарымен өтуге тырысқан», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары хабарланды. Заң бұзушы ҚР ҚК 1 б. 330-шы бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.