Шекарадан заңсыз өтпек болған контрабандашылар құрықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар шекарадан заңсыз жаяу өтпек болған екі контрабандашыны ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Шекарадан заңсыз өтпек болған контрабандашылар құрықталды

Қазақстан-Қытай шекарасында «Қорғас» шекаралық бақылау жасағы 26 жастағы Қазақстан азаматын ұсталған. Жігіт шекарадан контрабандалық жүк - 90-нан астам ұялы телефон салынған қорап пен екі пакетті алып өтпек болған.

Тағы бір қазақстандық азамат Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының Қордай шекара жасағының «Қарасу авто» өткізу бекетінде ұсталды. Ол да Қазақстаннан Қырғызстанға жаяу өтпек болған. Күдіктіден көрші елге алып өтпек болған 7,5 мың АҚШ доллары мен 500 мың теңгеден астам қаражат табылды.