Шекарашылар бір тәулікте 70-тен астам шекара бұзушыларды анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы өткізіліп жатқан «Нелегал-2014» жедел-сауықтыру іс-шарасының барысында қазақстандық шекарашылар бір тәуліктің ішінде 70-тен астам шекара бұзушыларды анықтады. Олардың 12-сі Қырғыз, 60-қа жуығы Өзбекістан, ал 2-уі Ресей азаматы болып шықты, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

Шекарашылар бір тәулікте 70-тен астам шекара бұзушыларды анықтады

«Нелегал-2014» арнайы жедел-сауықтыру іс-шарасының (АЖСІ) II кезеңі 22 қыркүйекте басталды.

Арнайы іс-шара Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы кеңесінің шешіміне сәйкес өткізіліп отыр. Оның мақсаты - бөтен мемлекеттерден келетін заңсыз көші-қон үрдісін болдырмау, ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына кіретін елдердің аумағында адам саудасына мықтап тосқауыл қою. Аталған іс-шараға ҚР Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдары қатысуда. Жалпы, іс-шара басталған уақыттан бері қазақстандық шекарашылар елімізде болу тәртібін бұзған жалпы саны 230-дан асатын адамды ұстады.