Шекарашылар көші-қон заңдылығын бұзған АҚШ-тың, Түркияның және Кореяның азаматтарын ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзған шетелдің 43 азаматын ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекарашылар көші-қон заңдылығын бұзған АҚШ-тың, Түркияның және Кореяның азаматтарын ұстады

Атап айтқанда, олардың арасында «Астана» (аэропорт) шекаралық бақылау отрядының наряды «Астана-Әбу-Даби» бағытында ұшқалы тұрған «ЕҮ295» рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде елімізден белгіленген уақытта шығуға асықпаған АҚШ азаматын ұстады.

Сондай-ақ, «Алматы» шекаралық бақылау отрядының наряды "Алматы-Сеул" бағытындағы «КС-909» рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде көші-қон полициясында тіркелуді жөн санамаған Оңтүстік Корея азаматын ұстауға мәжбүр болды.

Еліміздің солтүстігіндегі "Кызыл Жар" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары (Солтүстік Қазақстан облысы, қазақстандық-ресейлік шекара) "Астана-Казанское" бағытында кетіп бара жатқан "Мерседес" автокөлігіне шекаралық бақылау жасау кезінде елімізде заңсыз жүрген Түркия Республикасының 3 азаматын ұстады.

Барлық ұсталған азаматтар ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.