Шекарашылар күмістен жасалған бір жарым келі зергерлік бұйымдарды алып өтпекші болған қытайлық азаматшаны ұстады - ҚР ҰҚК
АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Шекарашылар күмістен жасалған бір жарым келі зергерлік бұйымдарды алып өтпекші болған қытайлық азаматшаны ұстады,
деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«Бақты» бақылау-өткізу пункті бөлімінің шекарашылар жасағы біздің елге бағдарлы автобуспен келе жатқан ҚХР азаматшасын ұстады. Шетелдік әйел күмістен жасалған бір жарым келі зергерлік бұйымдарды алып өтпекші болған», - деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ұстау фактісі бойынша мәселенің мәнісі анықталуда.