Шекілдеуік пакетіне салынған 1 келіден астам алтын тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосібір облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының өкілдері сатуға тыйым салынған табиғи алтынды сатып жатқан және сатып алып жатқан адамдарды қолға түсірді. 2 млн. рубльдік құнды металл шекілдеуік пакетіне салыныпты, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.

Шекілдеуік пакетіне салынған 1 келіден астам алтын тәркіленді

Салмағы 1,1 кг болатын тәркіленген заттағы алтын үлесі 99,9% болып шықты.

Екі азамат та өз кінәларын толық мойындады.