Шекспирдің отанында Дулат Исабеков фестивалі өтіп жатыр
«Лондон қаласына келуіміздің басты себебі - Дулат аға Исабековтың 75 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Лондон қаласында Дулат Исабеков фестиваль өтіп жатыр. Біз «Жау Жүрек» қойылымымен сол фестивальды аштық. Жаңа ғана аты әлемге әйгілі БигБен сағаты орналасқан Парламент ғимаратында Дулат ағаның 75 жылдығына арнайы жайылған дастарxаннан дәм таттық. Бұның барлығын ұйымдастырған Лорд палатасы!», - деп жазады актриса әрі әнші Салтанат Бақаева Инстаграм парақшасында.
Лондон қаласына келуіміздің басты себебі ол Дулат аға Исабековтың 75 жылдық мерей тойы.Осыған орай Лондон қаласында Дулат Исабеков атындағы фесиваль өтіп жатыр.Біз "Жау Жүрек" қойылымымен сол фестивальды аштық😊☝🏼Жаңа ғана аты әлемге әйгілі #БигБен сағаты орналасқан Парламент ғимаратында Дулат ағаның 75 жылдығына арнайы жайылған дастарxаннан дәм таттық!Бұның барлығын ұйымдастырған Лорд палатасы😊!Үш ұйқтасам түсімде көрмеген,ойламаған нәрселер өміріңде болады екен....#БигБен сағаты орналасқан ғимаратта Лордтармен,королеваға жақын жүрген адамдармен дастарxандас боламын деп еш ойламаған едім....#аллағаалғысымшексіз🙏🏻 #ерекшекүн
Сондай-ақ Дулат Исабековтың бұрын да үш кітабы ағылшын тілінде жарық көрген. Фестиваль аясында 4 қазан күні жазушының «Аққу жібек» пьесасы Лондон төрінде қойылмақ.Бұдан бұрын Түркиядағы профессор Әбдіуақап Қара әлеуметтік желідегі парақшасында Дулат Исабековтың 75 жасын атап өту Қазақстаннан бұрын Ұлы Британия елінде басталып кеткенін жазған болатын.
«Қуанышты хабар! Ағамыздың үш кітабы бұрындары Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген болса, енді оның 75 жылдығына орай Лондонда фестивалі өтпек екен. Сонымен жазушының 75 жасын атау Қазақстаннан бұрын Ұлы Британия елінде басталып кеткен» - деді жазушы.