Шектеу болмағандықтан астаналықтар өз үйлеріне 100-ге тарта адамды тіркейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі көші-қонды реттеудің шектеу нормалары болмағандықтан үй иелері өздерінің тұрғынжайларына жүздеген адамды тіркейді. Бұл туралы Астанада халықтың көші-қоны бойынша қоғамдық тыңдау кезінде белгілі болды, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

«Ішкі көші-қонды реттеудің шектеу нормалары жоқ, бұл үй иелеріне өздерінің тұрғынжайларына жүздеген ҚР азаматын және шетелдіктерді тіркеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. .

Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды. Депутаттар бұл мәселені қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында егжей-тегжейлі қарауды ұсынды.

Елордада шетелдіктердің келуі, олардың заңнама талаптарын сақтауы бақылауға алынды. Заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету бойынша өткізілген республикалық арнайы іс-шара аясында және шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында "Көші-қон-2014" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 1599 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, 1492 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік сот шешімімен 92 азамат мемлекеттен аластатылды.

Сондай-ақ, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің еңбек ету үшін елордаға шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану бойынша заңнама талаптарын сақтауын бақылау жүзеге асырылады. Ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар