Шектеуге қарамастан көмір экспорттайтын 26 компанияға айрықша құқық берілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көмір экспортына қойылған шектеуге қарамастан, оны реттеп тасымалдау үшін 26 компанияға айрықша құқық берілмек. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаулы экспортқа айрықша құқық берілген көмірдің жекелеген түрлерінің тізбесін және айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін бекіту мақсатында әзірленді. Ол энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көмір нарығын тұрақтандыру, сондай-ақ халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету үшін маңызды. 2022 жылы жылыту маусымы кезінде көрші елдерге көмір реттелмей шығарылды, көмір өндіруді немесе байытуды жүзеге асырмайтын бейінді емес бизнес субъектілері болды, бұл шекара маңындағы аудандардың елді мекендері тұрғындарының көмірге деген сұранысының артуына әкелді», - делінген Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасында.

Тиісті құжатпен енді тас көмір, одан алынған брикеттер, түйіршіктер мен агломерленген, көміртектенбеген және қоңыр көмірді экспорттауға рұқсат беріледі. Алайда, оны барлығы бірдей шет елдердің аумағына шығара алмайды. Қаулының қосымшасына сай, мына 26 компанияға аталған тауар түрін экспорттауға ерекше құқық берілмек:

- «Satkomir» Тау-кен өндіру компаниясы» АҚ;

- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ;

- «Еуропалық-азиялық энергетика корпорациясы» бөлінісі «Шығыс» АҚ;

- «Қаражыра» АҚ;

- «Шұбаркөл көмір» АҚ;

- «Шұбаркөл Премиум» АҚ;

- «Kazakhmys Coal» ЖШС;

- «Sherubai Komir» ЖШС;

- «Ақжарық Көмір» ЖШС;

- «Ангренсор Энерго» ЖШС;

- «Богатырь Көмір» ЖШС;

- «Гамма Сарыкөл» ЖШС;

- «ГОК «Сарыарқа Көмір» ЖШС;

- «Қайнама Көмір» ЖШС;

- «Құлан- Көмір» ЖШС;

- «Майкүбен-Вест» ЖШС;

- «Кузнецкий» разрезі» ЖШС;

- «Сарыарқа-Energy» ЖШС;

- «Сокур Көмір» ЖШС;

- «СТС-1» ЖШС;

- «Талдыкөл Көмір» ЖШС;

- «Бүркіт» жылу-энергия компаниясы» ЖШС;

- «Транскөмір» ЖШС;

- «Эдельвейс+» ЖШС;

- «Мадина» ЖШС;

- «Рапид» ЖШС.

Үкімет қаулысы 14 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан аумағынан көмір экспорттауға тыйым салынған еді.


Соңғы жаңалықтар