Шелек өзені мен Бартоғай су қоймасында су тасқынына қарсы іс-шаралар өтіп жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - «Қазсушар» РМК Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Шелек өзенінің арнасын тазалап, Бартоғай су қоймасының төменгі ағысын нығайтып, су тасқынына қарсы  іс-шаралар өткізіп жатыр.

Шелек
Фото: gov.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі су тасқынына қарсы іс-шараларға құм, қапшықтар, арқандар, жарық шамдары мен басқа да қажетті инертті материалдар дайындалғанын хабарлады.

Еске салайық, Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылған болатын. 

Салдарынан 28 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Айта кетейік, Алматыда тасқыннан жапа шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт жұмыс істеп тұр.