«Шэньчжоу-17» ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралды

запуск, космический корабль, Китай
Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM – «Шэньчжоу 17» ғарыш кемесінің экипажы Қытай орбиталық станциясында алты ай болып, Жерге оралды.

«Сейсенбі күні Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы „Дунфэн“ қону алаңына тайконавттармен бірге „Шэньчжоу — 17“ ғарыш кемесінің қайтарылатын капсуласы қонды», — деп хабарлады Синхуа агенттігі.

«Шэньчжоу-17» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Тан Хунбо, Тан Шэнцзе және Цзян Синьлинь жерге қонғаннан кейін капсуланы босатты. Ғарышкерлердің денсаулығы жақсы, миссия сәтті аяқталды», - деп хабарлады ҚХР халықтық ғарыштық ұшу бағдарламасы басқармасы.

«Тяньгун» ғарыш станциясындағы экипаждардың ротациясы өткен демалыс күндері жүзеге асырылды. Жаңа «Шэньчжоу-18» экипажы орбиталық станциядағы жұмысын бастады.

Қытайдың «Тяньгун» орбиталық станциясы шамамен 400 км биіктікте орналасқан. Ол 2022 жылы штаттық режимге енгізілді және үш адамға арналған.

Соңғы жаңалықтар