Шенеуніктер өздерінің кірістері мен шығындарын жариялап отыруға міндеттеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шенеуніктерге пайда мен шығындарын жариялау міндетеледі.
Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесінің отырысында ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.
«Президент автономды, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді, экономиканың индустриаландыру мен әртараптандыруды, қоғам алдында есеп беретін ашық Үкіметті құруды тапсырды. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында біздің елде жемқорлықты мониторингілеу, жемқорлық тәуекелдерін талдау шараларын енгізетін «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа заң қабылданды. Қаржылық бақылау шаралары күшейтілді. Егер бұрындары мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері тек өздерінің пайда көздерін жариялап келген болса, енді декларацияда шығындарын да көрсетуі міндеттелетін болады. Кіріс пен шығындарын «А» корпусының саяси және әкімшілік қызметкерлері - жоғары лауазымды тұлғалар, Парламент депутаттары, судьялар, квазимемлекеттік сектордың басқарушы тұлғалары көрсетулері шарт. Мұндай мәліметтер міндетті түрде жарияланып отыруы тиіс», - деп атап өтті ол.