Шенеуніктер журналистерден баспасөз хатшыларының көмегімен «жасырынады» - К.Жолдыбай

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Шенеуніктер журналистерден өздерінің баспасөз хатшыларының және баспасөз қызметтерінің көмегімен «жасырынуда». Қазақстанның Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай осындай пікірде.
None
None

Белгілі журналист, барлық проблема баспасөз қызметінің мақсаты билік пен БАҚ арасында өзара байланыс орнату бола тұра, шенеуніктің баспасөз хатшысы жұмысын өз ведомствосын «өзгелердің» араласуынан қорғайтын, имидж хатшы ретінде атқаратындығында деп санайды.

Астанада «БАҚ пен мемлекеттік органдардың өзара байланысын жақсарту» тақырыбында өткен семинар барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере келе, К.Жолдыбай: «Баспасөз хатшылары - белгілі бір мөлшерде өздерінің тікелей басшыларына тәуелді адамдар. Олар жалақы алып, «бастығының абыройын» қорғайды - осындай іс-әрекеттерімен журналистерге қандай да бір ведомствоның қызметі туралы ақпаратты алуға кедергі келтіреді. Демек, билік құрылымдары оқшауланып, осыдан барып теріс іс-әрекеттер орын алады», - деп мәлімдеді.

Осыған байланысты, Клуб басшысы баспасөз қызметтері, бірінші кезекте, БАҚ-пен тиімді байланыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеріп алуы қажет екенін айтты. «Сонымен бірге, кейде шенеуніктердің өздері де баспасөз қызметімен жасырынып, жауапкершіліктен жалтарады. Олар өздерінің ары мен беделіне нұқсан келтіру деп санап, ведомствоның кемшіліктерін жариялаудан қашқақтайды. Ал шын мәнінде бұл біздің ортақ ісімізге кедергі келтіреді», - деп жалғастырды К.Жолдыбай.

Соңғы жаңалықтар