Шенеуніктерге көлік сатып алуға тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан билігі шенеуніктеріне бірінші класста ұшуға, бес жұлдызды қонақ үйлерде кездесу өткізуге және көлік сатып алуға тыйым салды.
Бұл ағымдағы жылы бюджеттік дефицит белгіленген ІЖӨ 4,1% санынан асып кетпес үшін қабылданған шешім, деп хабарлады ш етелдік БАҚ.
Press Trust of India агенттігі келтірген қаржы министрлігінің мәлімдемесінде жазылғандай, қатал экономиканың жаңа шаралары «үкімет жұмысының тиімділігін төмендетпей, қаржылық тәртіпті енгізуге бағытталған».
Шенеуніктерге мүмкіндігінше видеоконференцбайланысты пайдалануға кеңес беріледі.
«Үкіметтік ұйым қызметкерлеріне лауазымына байланысты ұшақпен ұшу кезінде жайлылықтың түрлі деңгейі болу керектігіне қарамастан, бюджеттік шектеуге байланысты үнемдеу шараларын қолдану қажет. Бірінші класспен ұшуға болмайды», - деді Үндістанның қаржы министрлігі.