10:00, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Шенеуніктерге угги киюге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық көші-қон департаментінің қызметкерлеріне жұмысқа угги, вьетнамка аталатын жазғы шәркей, комбинезон киюге тыйым салынды.

Қағида шенеуніктер еркін киім үлгісіне көшіп, басшылықтың айтуынша «қарапайым кәсіптік ережелерді» елемегені үшін енгізілген.
«Джинсы, шәркей, угги іскерлік имиджге жатпайтын киімдер қатарында», - деп түсіндірді көші-қон ведомствосының басшысы Джэн Доррингто. Қызметкерлер шынымен еркін үлгіде киініп жүрді ме деген сұраққа шенеунік: «Мұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын!» - деп жауап берді.