Шенген аумағының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Еуроодақта ішкі шекаралық бақылау енгізілуі мүмкін

ССЕЛЬ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Шенген аумағының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, осы келісімге қатысушы елдерде төтенше жағдайларда,
None
None

мысалы шекараға салмақ түскен кездері ішкі шекаралық бақылау енгізілуі мүмкін.

Еурокомиссия мақұлдаған Еуроодақ Кеңесі мен Еуропарламент үшін Көші-қонды басқаруды жақсарту мәселелері жөніндегі коммюникені таныстырған Ішкі істер мәселелері жөніндегі еурокомиссар Сесилия Мальмстрем Брюссельде осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы оқиғалар 650 мыңнан астам адамның орындарынан қозғалуына себеп болған және олардың 25 мыңдайы Еуропадан пана іздеуде. Осыған орай, Еуроодақтың кейбір мүшелері мигранттардың үлкен ағымына ұшырап отыр.

«Соңғы оқиғалар Шенген жүйесінің жұмысына алаңдаушылық туғызып отыр. Еуропа шекаралары арқылы адамдардың еркін қозғалысы үлкен жетістік, біз оның күшін тоқтата алмаймыз. Сондықтан да бұған дейін Еурокомиссия сыртқы шекаралардың тиімді бақылауын қамтамасыз етудің тетіктерін ұсынған болатын. Шенген аумағының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ сыртқы шекараларға кенеттен салмақ түскен жағдайларда, шектеулі ішкі шекаралық бақылауды уақытша қалпына келтіруіміз қажет»,- деп атап көрсетті С.Мальмстрем ханым.

Еурокомиссияның ұсынысы 12 мамырда өтетін Әділет және ішкі істер министрлері кеңесінің шұғыл отырысында және 24 мамырда өтетін Еуропалық Одақ мәжілісінде талқыланады. Сондай-ақ Еурокомиссия 24 мамырда көші-қон саясаты бойынша ұсыныстар топтамасын мақұлдамақ.

Соңғы жаңалықтар