22:31, 28 Шілде 2015 | GMT +5
Шереметьево әуежайында найзағай екі ұшақты зақымдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде жай түсіп, екі Boeing жолаушылар ұшағы зақымданды. "Интерфакс" хабарлағандай, бұл Шереметьево әуежайына ұшу және қону кезінде орын алған.

Оқиға 27 шілдеде орын алған, алайда ол туралы енді ғана белгілі болды. Шұғыл қызметте Новый Уренгойға бет алған ұшақ фюзеляжы найзағайдан зақымданды.
Сондай-ақ Кипрден келе жатқан тағы бір Boeing ұшағы қонып жатқан кезде жай түскен. Найзағай оты ұшақ есіктерінің бірін шарпып өтті.
Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.