«Шереметьевода» 26 мың гауһар тәркіленді

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Мәскеудің «Шереметьево» әуежайында бір жолаушыдан 26 мың гауһар тәркіленді, деп хабарады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі Федералдық кеден қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бағалы тастар жүгін жасырын алып өтпекші болған Ресей азаматы Мәскеуге Дубайдан келді. Түрлі-түсті гауһар тастардан басқа, одан бес IPhone 5 телефоны мен осындай телефондардың 249 қорабы табылды.

«Звезда» телеарнасының ақпараты бойынша, гауһар тастар партиясының құны бес миллион рубльге бағаланады.

Гауһар тастар сараптамаға жіберілді, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Ұсталған адам жүктің өзінікі емес екенін айтып ақталуда.

Соңғы жаңалықтар