2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

«Шерлок» телехикаясында басты рөлді сомдайтын актер Артур Конан Дойлдың туысы болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал «Шерлок» телехикаясында басты рөлді сомдайтын британдық актер Бенедикт Камбербэтчтің ізкесуші Шерлок Холмстың бейнесін жасап шыққан жазушы Артур Конан Дойлдың туысы екендігі анықталды, деп жазады "Хабар 24".

«Шерлок» телехикаясында басты рөлді сомдайтын актер Артур Конан Дойлдың туысы болып шықты

Бұл туралы генеалогиялық құрылымды зерттеумен айналысатын америкалық ірі компаниялардың бірі Ancestry мамандары хабарлады, деп жазады Associated Press.

Ancestry таратқан мәлімет бойынша, актер мен жазушының арғы бабасы Ланкастерскийдің бірінші герцогі әрі Англия королі Эдуард III-тің (1312-1377) ұлдарының бірі Джон Гонт (1340-1399) екен.