00:59, 15 Тамыз 2021 | GMT +5
Шерубай батыр ескерткіші қалпына келтірілді - Қарағанды облысы
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында педагогтар мен қоғам белсенділері Шерубай батырға арналған ескерткішті жөндеді. Акцияға қатысушылар сонымен қатар оның маңын абаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топар кентіндегі «Жастар Альянсы» ҚБ еріктілері мен Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп педагогтарының күшімен Шерубай батырға ескерткіш орнатылды.
Нысанды қалпына келтіруге 15 адам қатысты.
«Естелік белгі ұзақ жылдар бойы нашар күйде болды. Біздің климат, температуралық режимнің өзгеруі де өз әсерін тигізді. Сондай-ақ ескерткіштің айналасында тұрмыстық қалдықтар үйіндісі пайда болды. Бұл жерге ешкім көңіл бөлмеді, сондықтан біз нысанды қалпына келтіріп, іргелес аумақты тазартуды
шештік. Бұл біздің тарихымыз ғой», – деп атап өтті «Жастар Альянсы» ҚБ басшысы Темірлан Кәкенов.
Акцияға қатысушылар қоршауды, қалқан мен найзаны бояп қана қоймай, ескерткіштің өзі орнатылған іргетасты нығайтты.