Шеруге қатысу үшін ең үздік және лайықты сарбаздар таңдалып алынды - генерал-лейтенант М. Майкеев

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Әскери шерудің ақтық дайындығы өтті. Бұл 7 мамырда өтетін Отан Қорғаушылар күнін мерекелеуге дайындықтың қорытындылау кезеңі болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шеруге қатысу үшін ең үздік және лайықты сарбаздар таңдалып алынды - генерал-лейтенант М. Майкеев

Құрлық және Әуе қорғанысы күштері зымырандарды, бомба лақтыруды нақты іске қосуды жүргізді, қару-жарақтың барлық түрінен жауынгерлік атысты көрсетті.

«Отар» 40-шы әскери полигонындағы ақтық дайындықты жүргізу барысына жетекшілік ету үшін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келді.

Полигонда дайындықтың аяқталуы жөнінде, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың брифингі өтті. Брифинг ortcom.kz, bnews.kz сайттарында және «24.kz» арнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

Осы әскери шерудің дәстүрлі әскери шерулерден басты ерекшелігі қазақстандық жауынгерлердің кәсіби шеберліктерін, қазақстандық армия қолданатын заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың нақты қолдануын көрнекі көрсету мүмкіндіктері болады.

Шерудің әуедегі құрамдас бөлігі әскери-әуе күштері майдан және әскери авиацияның ұшақтары мен тік ұшақтарын таныстырады. Әуеде Су-25, Миг-29, Су-27, Л-39 және басқа да ұшақтар жұмыс істейтін болады. Ең жоғарғы ұшу өнерінің айшықтарын «Жетісу» және «Сұңқар» топтары көрсетеді.

Әскери шеруде қазақстандық ӘӘК алғаш рет алынған «Airbus Military» С-295 шығарған турбиналы-винттік ұшақтар қатысады. Олар десанттарды түсіруді жүзеге асырады, сонымен қатар тегістелген ұшып-қону жолағына жерге қону бойынша ұшақтың мүмкіндіктерін көрсетеді.

Әскери шеруге қатысатын ұшу аппараттарының үштен бірін әскери авиация ұсынады. Қазақстанда жиналған тікұшақтар қатысады.

ӘҚК оқу-жаттығуда әуе шабуылына қарсы қорғану әдістерін С-125 зенитті-зымыранды кешені көрсетеді. Іс-қимылдарды көрсету үшін әуе нысаналары бойынша зениттік басқару зымырандарын іске қосу жүргізілетін болады.

Әскери шеру барысында Құрлық әскерлерінің шынжыр табанды және доңғалақты техникалары өз тапсырмаларын атқарады. Арнайы міндет жүктелген жасақ «Кобра» және «Хаммер» әскери техникаларында жұмыс істейтін болады.

Шеру есебінің құрамына Қарулы күштер бөлімшелері, әскери оқу орындары, сонымен қатар ІІМ-нің Ішкі әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Республикалық гвардияның салтанатты батальоны кіреді.

Барлығы Әскери шеруге 7 мыңнан астам әскери қызметкерлер, 400 бірліктен астам жоғары әскери техника, 80-нен аса ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.

Әскери шеруді өткізу барысында «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорнында шығарылған байланыс құралдары мен қару-жарақтары, жаңғыртылған және жаңа әскери техникаларды көрсетіледі.

Осылайша, әскери, азаматтық және қосарлы міндет жүктелген арнайы техникалар, оның ішінде штабтық, әскери, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиорелелік станциялар, ЕС-145 тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері көрсетілетін болады.

Мемлекеттік телеарналардың тікелей эфирінен әскери іс-қимылдар іс көрсетілетін болады және Қазақстанның барлық тұрғындары алғаш рет ҚР Қарулы Күштерінің Әскери шеруін тамашалай алады.

Шеруді ҚР ҚК Құрлық әскерінің бас қолбасшысы «Даңқ», «Айбын» және «Отанға қызметі үшін» ордендерінің кавалері, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басқарады.

«Әскери шеруді өткізуге санаулы күндер қалды. Қазір аса сенімділікпен айтуға болады, осы маңызды оқиғаға әскер дайын,- деп атап өтті Мұрат Майкеев. - Шеруге қатысу үшін ең үздік және лайықты сарбаздар таңдалып алынды. Көрсетілген сенімді ақтау үшін олар өзара іс-қимылдарды, әрекеттердің үйлесімді орындалуын көрсетуде барынша күш жұмсады».