16:58, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Шерушілер Каир орталығында Хосни Мүбәракты отставкаға кетуге шақыруда
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Тахрир (Бостандық) алаңындағы шерушілер Каир орталығында осы елдің президенті Хосни Мүбәрактың телеүндеуіне ашық қарсылық білдірді,
өйткені ол көпшілік күткен сөз, Мемлекет басшысы лауазымынан өзінің отставкаға кететіні туралы ештеңе айтпады. Президент сөйлеп жатқан кезде адамдар өздерінің аяқ киімін шешіп алып, оны Х.Мүбәрактың бейнесі көрінген экранға қарай бұлғай бастады (бұл - араб елдеріндегі қорлаудың белгісі). «Мүбәрак жоғалсын» деген көтеріңкі дауыстар шықты, деп хабарлайды РБК France24 телеарнасына сілтеме жасап.
Одан өзге, тобыр арасында барлығына ортақ ереуiл жасауға үндегендер де болды. Адамдар сондай-ақ Тахрир алаңы ауданындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери бөлімшені шерушілер жағына шығуға шақырды.
«Режим - немесе халық» - деп ұрандатты жиналғандар.