Шерзат Полаттың әкесі ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде жергілікті тұрғын қоғамдық тәртіпті бұзды, деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

полиция
Фото: Алматы облыстық Полиция департаменті

Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте дөрекі ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді.

Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу үшін полиция қызметкерлері оны ұстауға бағытталған шаралар қабылдады.

Азамат Н. ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтер жұмыс істеп жатыр.

Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр және азаматтарды сабырлы болуға шақырады.

- Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, - делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Осыған дейін Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар