Шешек асуында өлтірілген екі жігіттің ісіне қатысы Өскеменде сот процесі басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 31 наурызда Өскеменнің іргесіндегі Шешек асуында тіркелген екі жігіттің өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Сотта бірнеше айыпталушыға Қылмыстық кодекстің «кісі өлтіру» мен «қылмысты жасыру» сынды салмақты баптары бойынша айып тағылған. Күдіктілердің бірі Е.Сахариев бұрын қаржы полициясында қызметкер болған. Екіншісі Т. Мұсабаев ШҚО ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасында жұмыс істеген.
Тергеу нұсқасына сәйкес, бұрынғы қаржы полициясында қызмет еткен басты айыпталушы Астанадан Өскеменге келіп, екі ағайынды жігітті қала шетіне алдап алып шығып, оларды Шешек асуында атып тастаған.
Полиция қылмыс барысында сол жерде ШҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері болғанын анықтаған. Екі ағайынның түбіне жеткеннен кейін астаналық екі мүрдені тиеп алып, қала шетіне көміп кеткен.
Айыпталушылардың төртеуі денені жасыруға көмектескен және олар басты айыпталушының туыстары. Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары 4 айдан астам уақытқа созылды.