Шешенстан тұрғыны полицияға 400 келі жарылғыш затты тапсырды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шешенстанда полиция қызметкерлері жасырын жерде тығылған жарылғыш заттарды тапты, оларға бұл туралы жергілікті ауыл тұрғыны хабарлаған.

Шешенстан тұрғыны полицияға 400 келі жарылғыш затты тапсырды

Бұл туралы құқық қорғау органдарының дереккөздері хабарлады. Жедел-іздестіру қызметі оқиға орнына барып, жасырын тығылған 395 келі жарылғыш заттарды тапты. Алдын ала жасалған болжам бойынша бұл авиабомбадан алынған сұр және сары түсті тротил мен гексоген, деді ведомство қызметкері.