Шешенстанда Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстанда Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.
«Бастапқы мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар саны 8 адамға дейін жетті деген ақпарат бар. Аталған мәліметтер анықталу үстінде», - дейді дереккөз.
Сонымен қатар, тікұшақтың шекаралық қызметке тиесілі екендігі айтылады.
Белгілі болғандай, апат Шешенстанның Итум-Калинск ауданында орын алған.